Жапонияда тұтынушылар бағаның өсуіне шағымданып жатыр
Жапонияда да тұтынушылар бағалардың тоқтаусыз өсуіне шағымданып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кәсіпкерлер болса тауарлардың қымбаттауынан сатып алушылар қарасы азайып, шығын артқанын айтады. Ресми дерекке сүйенсек, күншығыс елінде өткен айда азық-түлік бағасы 8,2%-ке өсіп, 46 жыл бұрынғы деңгейге жеткен. Тұрғындар жалақы инфляцияға сай көтерілмей отырғанына наразы.
Тұрғын:
- Наннан бастап барлық азық-түлік қымбаттады. Бұған күн сайын құбылып тұрған электр энергиясы мен газдың құнын қосыңыз. Тығырықтан шығу үшін барынша үнемдеуге көштім. Бірақ оның көмегі шамалы.