Үндістанда тәуелсіз ел құруды ұсынған уағызшы ұсталды

Үндістан полициясы сикхтерді тәуелсіз ел құруға шақырып, бүлік шығарған уағызшыны ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Пәкістанмен шекаралас Пенджаб штатында дербес сикхтер мемлекетін құруды ұсынған. Сөйтіп, өткен айда қарулы ондаған жақтасымен Анджнала қаласындағы полиция учаскесіне шабуыл жасайды. 1980-90-шы жылдары да осы аймақта сикхтер бас көтеріп, қақтығыстан мыңдаған адам қаза тапқан болатын.