ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері Судан мен Украинадағы жағдайды талқылады

Еуропалық Одақ елдерінің Сыртқы істер министрлері Судандағы қақтығысты ұйымдастырған қос тарапты атысты тоқтатып, дереу келіссөз бастауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде еуропалықтарды эвакуациялау жайы қарастырылды. Сондай-ақ жиында Украинадағы ахуал да күн тәртібінен түскен жоқ. Брюссель Киевке көмекті ұлғайтуға ниетті.

Сонымен қатар Молдовада қауіпсіздікті нығайту мақсатында Одақтың азаматтық миссиясы құрылды. Басқосуда тараптар Азия, Африка және Латын Африкасы елдерімен ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады. Ұйым серіктестерімен саяси және экономикалық байланысты арттыруды көздеп отыр. Бұған дейін еуропалық ақпарат құралдары Брюссель бұл бағытта Бразилия, Чили және Қазақстанмен әріптестікті нығайтуды көздеп отыр деп жазған.