Ресейде саңырауқұлақ пен жидекті заңсыз тергендер жазаланады

Ресейде енді бағалы шөптер мен саңырауқұлақтарды заңсыз жинағандар қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде осындай заң жобасы қабылданды. Ережені бұзғандар 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сақырауқұлақпен бірге жидек пен ақ қайың шырынын және ағаштардың қабығын жинауды бақылау қатаңдатылды.

Жалпы саңырауқұлақ пен жидекті тұрғындар өздері пайдалану үшін теруіне тыйым жоқ. Бірақ сату үшін жинаса, лицзения алуы керек. Ал статистикаға сүйенсек, Ресейде тұрғындардың 48%-і орманға барып, саңырауқұлақ пен жидек тергенді ұнатады екен.