Сахарада желаяқтар жарысып жатыр
Әлемдегі ең ыстық аймақтардың бірі Сахара шөлінде осы күндері ультрамарафон өтіп жатыр.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, биыл құмдағы марафонға 1 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдіріпті. Екінші кезең қорытындысы бойынша ерлер арасында марокколық ағайындылар жеңімпаз атанса, бұрымдылардан испаниялық Рагна Дебатс топ жарған. Айта кетейін, Мароккода марафон 1986 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жарысқа қатысушылар 250 шақырым жерді жүгіріп өтуі керек.