Ұлттық бірегейліктің әлемдік тәжірибесі
Әлемде түрлі этникалық топтардан құралған көпұлтты мемлекеттер жетерлік. Бірақ нәсілі, діні, мәдениеті алуан түрлі болғанына қарамастан олар өздерін бір халықпыз деп санайды.
АҚШ
Әлемде көп ұлтты мемлекеттің бірі АҚШ. Халық саны 330 миллионнан асатын елді түрлі этникалық топтар мекендейді. Діні мен мәдениеті де сан алуан. Бірақ күнделікті өмірде алып елдің әр азаматы өзін "американдықпын" деп санайды. Мемлекеттік тұрғыдан да "америкадық" айдар тағылған. Яғни ұлтты этникалық ерекшелігіне қарай емес азаматтығына қарай айқындау бекітілген. Жергілікті тұрғындар мемлекеттің бұл саясатын мақтан тұтады.
Канада
АҚШ-қа көрші Канада елі де көп ұлтты мемлекет қатарында. Еуропадан келген қоныс аударушылар іргесін қалаған елде қазір 250-ден аса этнос өмір сүреді. Осыған қарамастан әлемде аумағы бойынша екінші орын иеленетін мемлектте халықтар тату тәтті өмір сүріп, жұдырықтай жұмылған мемлекетті қалыптастырған. Бұл елде де әр азамат нәсілі мен дініне қарамастан заңдық тұрғыда канадалық деп аталады.
Бельгия
Ал кәрі құрлықта Бельгия да осындай артықшылығымен ерекешеленеді. Мұнда халықтың жартысынан көбі фламан тілінде сөйлегенмен елдің оңтүстігінде фрнацуз тілі кең тараған. Неміс тілді азаматтар да көп. Әкімшілік тұрғыдан Фландрия, Валлония және Брюссель аймағы деп үшке бөлінген өңірлерде түрлі тіл мен мәдениет өкілдері өмір сүреді. Бірақ азаматтық тұрғыдан мұнда да тұрғындардың барлығы бельгиялық деп аталады. Дегенмен әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі ерекшелігі құрметтеледі.
Үндістан
Халық саны бойынша Қытайды басып озуға шақ қалған Үндістан да көп ұлтты мемлекеттер қатарында. Оңтүстік Азиялық елді 2 мыңнан аса этникалық топ мекендейді. 20-дан астам тіл ресми деп танылған. Әр штат өзіне тән мәдениетімен еркшеленеді. Бірақ мұнда да азаматтардың барлығы үнділер деп аталады.
Иран
Азиядағы көпұлтты мемлекттің бірі Иран. Ислам республикасында халықтың 60 пайызы парсы ұлтының өкілдері. Бұдан бөлек азербайжан, күрд, лур және өзге де ұлттар қоныстанған. Бірақ бұл мемлекетте де нәсілі, діні және тіліне қарамастан азаматтардың бәрі өзін ирандықпыз деп айтады. Бұл Ислам республикасын мекен еткен халықтардың бір ұлт ретінде бірлігі мен ынтымақтастығын білдірсе керек.
Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Дәурен Исағұлов