Ақ үйде құран аяттары оқылды
«Игіліктің ерте-кеші жоқ». АҚШ президенті Джо Байден мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен және Ораза Айт мейрамымен құттықтады.
Ол Ақ үйде Мұхаммед пайғамбардың жергілікті үмбетін қабылдады. Президент резиденциясындағы жиынды имам Мақдум Зиә Құран оқумен бастады.
Джо Байден, АҚШ президенті:
- Рамазан адамды Құдайға және бір-біріне жақындатады. Күні бойы ауыз бекіту арқылы бір-біріңізді қолдайсыздар. Аш адамдарға тамақ бересіздер. Ораза аяқталған соң жаңа киім киіп, үйді безендіріп, тәттілермен Айт мейрамын атап өтесіздер. Мұсылмандар - еліміздің іргесін қаласқан адамдар. Олар азатттық үшін соғысқа да белсене қатысты. АҚШ-тың тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мұсылман мемлекеті - Марокко таныған болатын. Біз Исламофобияның барлық формасына қарсы тұруымыз керек. Бұл менің әкімшілігімнің негізгі басымдығы. АҚШ-та 3,5 миллион мұсылман бар қазір.