Сомали қуаңшылық азабын тартып отыр
Шығыс Африка елдері соңғы 40 жылда болмаған құрғақшылық зардабын тартуда.
Қуаңшылық салдарынан дақылдар дұрыс шықпай Сомалиді аштық қаупі жайлады. Жергілікті халықтың негізгі асы - жүгері 23 пайызға қымбаттады. Аймақтан 150 мың тұрғын босып, Долоу қаласына келген. Былтыр ашаршылықтан 43 мың адам қырылды. Құрбандардың арасында балалар көп. Біріккен Ұлттар Ұйымы көмек көрсету үшін әлем елдерінен 2 милилард 600 миллион доллар қаржы сұраған. Әзірге 609 миллион доллар ғана жиналған.
Синди Маккейн, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры
- Аштық құрсауынан әлі толық шыққан жоқпыз. Былтыр оған қарсы күрес жақсы жүріп еді. Биыл кедергілер көп. Ақша мүлде аз. Тиісті қаржыны жинауға барымызды салып-ақ жатырмыз. Бірақ климаттың өзгеруі мен түрлі қақтығыстарға төтеп беру шынымен ауыр.