Ресейде интернетті бақылау күшейді

Мәскеуде 12-ші рет қауіпсіз интернет форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форумға қатысушылар қауіпсіз кеңістікті қалыптастыруды, сондай-ақ деструктивті контентті шектеудің жаңа әдістерін талқылады.

Ресейде деструктивті контентпен күресудің жалғыз жолы – сайтты бұғаттау. Былтыр Роскомнадзор жергілікті заңдарды бұзған 610 000 веб-сайт пен жеке парақшаларды жапты. Рунеттің оқшаулануын жақтаушылар цензурадан өткізу әлі де тиісті деңгейде еместігін айтады.

Екатерина Мизулина, «Қауіпсіз интернет» лигасының басшысы:

- Біз парақшаларды бұғаттау жеткіліксіз деп есептейміз. Біз контент авторларымен, орындаушылармен, музыканттармен, блогерлермен жұмыс істеуіміз керек. Болашақта деструктивті контентті таратпау үшін первентивті шараларды қолдануымыз керек. Конент авторларын жауапкершілік туралы алдын-ала ескерту қажет.

Форум қатысушыларының пікірінше, жауапкершілік шарасы блогердің ықпалына қарай саралануы керек. Мысалы, 10 оқырманы бар блогерге қарағанда бірнеше миллион жазылушысы бар блогер құқық бұзғаны үшін қатаң жазалануы керек.

Ольга Берек, Блогерлер ұлттық қауымдастығының басшысы:

- Ресейде бізде 38 млн контент авторлары бар. Контент авторы деген кім? Бұл – әртүрлі әлеуметтік желілерде фотолары мен видеоларын жариялайтын кез келген адам. Біз блогосфераны реттеу туралы айтып отырмыз, бірақ блогер деген кім? Бізде 5 мыңнан 10 мыңға дейін жазылушысы бар 300 мыңдай адам бар. Ал аудиториясы миллион адамнан көп блогерлер саны 1100 асты.

Соңғы уақытқа дейін Рунеттегі контентті тексеретін автоматтандырылған жүйе қолданылған жоқ.

Дана Нұржан, тілші:

- Ал 2023 жылдың ақпанында Роскомнадзор «Окулус» жүйесін іске қосқанын жариялады. Ол Интернетте тыйым салынған контентті іздеуге арналған. Нейрожелілердің негізінде веб-сайттардағы, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі фото, бейнежазба және мәтіндерді тексеретін жүйені әзірлеуге 4 айдың ішінде 58 млн рубль жұмсаған.

Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров.