Дүниежүзілік банктің жаңа басшысы тағайындалды

Дүниежүзілік банктің жаңа басшысы тағайындалды

Тізгін Үндістан тумасы, америкалық бизнесмен Аджай Бангаға тапсырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ұзақ жылдар бойы MasterCard компаниясын басқарған екен. 63 жастағы кәсіпкердің кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынған. Дүниежүзілік банк төрағасы болу үшін  үміткерге қойылатын басты талап: Америка азаматы болуы керек және оны мемлекет басшысының өзі тағайындауға тиіс. Жаңа президент барлық талапқа сай келген. Қазіргі банк басшысы Дэвид Малпас өз қызметін 1 жыл мерзімінен бұрын аяқтамақ. Әзірге оның қызметтен ерте кетуінің себебі нақтыланбады.