Конгода су тасқынынан 227 адам қаза тапты
Конгоның шығысында тасқыннан 227 адам ажал құшты.
Бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр мен лай көшкінінің салдарынан үйлер, мектептер мен ауруханалар қирап қалған. Баспанасыз қалған тұрғындар далада түнеуге мәжбүр. Ондаған кісі жарақат алған. Оларды емдеуге қажетті құрал-жабдық пен дәрі-дәрмек жетіспей жатыр.
Мартин Нониози, азаматтық қоғам ұйымының басшысы:
- Халықтың жағдай өте ауыр. Олардың өмір сүруі үшін кез келген көмек ауадай қажет. Біз республикалық деңгейде дабыл қағып жатырмыз. Мектептер қирағандықтан балаларға сабақ оқитын орын болмай жатыр.