Сот Дональд Трампты кінәлі деп таныды

9 мамыр күні Манхэттен соты осыдан 30 жыл бұрын жазушы Джин Кэрроллге жыныстық алымсақтық жасап, жала жапты деген айып бойынша Трампты кінәлі деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді америкалық миллиардер 79 жастағы жәбірленушіге 5 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Десе де АҚШ-тың бұрынғы президенті сот шешімін апелляцияға бермек. Бұл туралы оның адвокаты хабарлады. Өйткені Трамп сот шешімін әділетсіз санайды.

Жалпы экс-президенттің үстінен арыз 2019 жылы түскен болатын. Бірақ сот отырысы тек биыл сәуірде басталды. Трамп өзіне тағылған айыптан бас тартып, сот процесіне қатыспаған.