Испанияның фермерлері наразылық шарасына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар тракторларына мініп, күре жолдармен жүріп өтті. Қуаңшылықтан зардап шеккен жергілікті шаруалар үкіметтен қажетті мөлшерде сумен қамтуды талап етті. Қазіргі кезде Каталония және Андалусиядағы су қоймалары 75%-ке тартылып қалған.
