Египетте құмнан жасалған мүсіндердің фестивалі өтіп жатыр

Египеттің Александрия қаласында құмнан жасалған мүсіндердің фестивалі өтіп жатыр.

Оған көркемөнер мектептерінің оқытушылары мен студенттері қатысуда. Шара туристік маусымның басталуына орайластырып, жағажайда ұйымдастырылған. Айта кеткен жөн құмнан жасалған мүсіндердің фестивалі әлемнің көп елінде өтеді. Гиннесс рекордтар кітабына енген ең ауқымды шара жыл сайын Белгияда ұйымдастырылады.  

Ясмин Реда, Думьят университеті бейнелеу өнері кафедрасының профессоры:

- Құммен жұмыс істеу оңай емес. Түрлі қиындықтарға тап боласыз. Мәселен, жаңбыр жауып не жел соғуы мүмкін. Бірақ соның бәріне қарамастан, нәтиже жаман емес. Бұл фестивальде көп адаммен танысып, тәжірибе алмасып жатырмыз.