АҚШ заңсыз миграцияның жолын кеспек

АҚШ-Мексика шекарасында Covid-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеудің күші жойылады.

Осыған орай Мексика шекарасында көптеген мигранттар жиналды. Бұрын заңсыз өткендерді шекарашылар кері қайтара алатын. Енді АҚШ билігі одан да қатаң шараларды қолданатын болады. 

Нұрбек Бекен, тілші:

- АҚШ заңсыз миграцияның жолын кеспек. Ол үшін тәртіпті қатаңдататын жаңа құжат қабылдады. Енді шекарадан заңсыз өткендер жазаға тартылады әрі кері қайтарылады. Ертең Дональд Трамп пандемия кезінде енгізген 42-ші түзету күшін жояды. Осы құжат бойынша шекарашылар заңсыз кескен босқындарды бірден кері қайтарып жіберетін. Енді бұл талаптың мерзімі аяқталды. Бірақ АҚШ билігі одан да қатаң тәртіп енгізіп жатыр. Алайда Мексика мен АҚШ шекарасында мыңдаған мигрант бері қарай өтуге үмітті.   

 Алехандро Майоркас, АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі:

- Жаңа ережеде шекараны заңсыз кескен адамдар үшін шара қарастырылған.  Кемінде бес жылға АҚШ-қа қайта кіруге тиым салынады және егер олар қайтадан кесіп өтуге тырысса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 Мигранттар АҚШ-қа кірмей тұрып, әуелі Мексика секілді транзитті елден баспана сұрауы керек. Мексика меселін қайтарса, АҚШ-қа өтініш бере алады. Бірақ шекарадағы мыңдаған мигрант бірден өмір сүру сапасы жоғары, еңбекақысы көбірек Амирканы көздейді. Сондықтан қаншалықты қауіпті болса да, шекараны түрлі жолдармен заңсыз кесіп өтуге дайын.

 Олардың қатарында қазақстандықтар да бар. Бірнеше мемлекеттің аумағымен, орман, даланы кезіп, АҚШ-қа аттанады.

 Десе де қанша қазақстандық заңсыз келіп жатқаны жайлы нақты ақпарат жоқ.

 Ержан Ашықбаев, Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Әркім өз өміріне өзі ие. Бірақ ол жолды таңдамауды ұсынар едім. Өйткені бұл жол заңсыз. Сондықтан тиісті жауапкершілікке де даяр болуы керек.

 Нұрбек Бекен, тілші:

- Конгресс бекіткен талап бойынша АҚШ жылына 120 мың мигрант қана қабылдай алады. Бірақ былтыр 2 млн адам арман қуып Америка асқан. Олардың нөпірі азайатын түрі де жоқ. Заңсыз келген жұрттың көбін мемлекет есебінен айта депортациялауға қыруар қаржы жұмсайды, тәулігіне ондаған жолаушылар ұшағын пайдаланады. Сондықтан елде миграциялық дағдарыс болып жатыр.

Сондай-ақ...