Швейцария өзінің қару-жарағын экспорттауға шектеуді азайтуы мүмкін.
Елдің Қауіпсіздік жөніндегі комитеті парламентке осындай кеңес берді. Заң шығарушы орган ұсынысты алдағы уақытта кеңінен талқыламақ. Швейцария бейтарап ел болғандықтан өзінің қару-жарағын сатып алған мемлекеттердің өзге елдерге саудалауға тыйым салады. Әсіресе қарулы қақтығыс болып жатқан мемлекеттерге экспорттауға қатаң шектеу енгізілген.
Вернер Зальцманн, Швейцарияның Жоғарғы палатасының қауіпсіздік саясаты жөніндегі коvиссиясының төрағасы:
- Бұл ұсыныс еліміздің қорғаныс өндірісін қолдау үшін керек. Яғни шектеуді жеңілдету арқылы өз өнімдерімізді сатуға мол мүмкіндік жасап, бәсекелестікті артырамыз.
