Израиль мен «Ислам джихады» ұйымының арасында бейбіт бітім жасалады

Израиль мен «Ислам джихады» ұйымының арасында ресми түрде бейбіт бітім жасалады.

Бұл хабарды Газа секторының тұрғындары қуана қабылдады. Еврей билігі оқ атпау режимін орнатуға атсалысқан Мысыр президенті Әбдел Фаттах әл-Сисиге алғыс айтты. Израиль әуе күштерінің 5 күн бойы оқ жаудыруы кезінде Палестинаның 33 азаматы, оның ішінде "Ислам джихады" ұйымының 6 басшысы мен 13 бейбіт тұрғыны ажал құшты.

Тарек Силми, "Ислам джихады" ұйымының ресми өкілі:

- Бейбіт бітімнің орнағанын растаймыз. Бұған мысырлық бауырларымыздың үлесі зор. Газа секторында тұрғындардың үйлеріне бомба тастау тоқтатылды. Егер басқыншылық және шабуылдау әрекет қайта басталса, біз қарсы соққы беруге әрқашан әзірміз.