Перуде дилерлер кокаинды Гитлер бейнеленген қаптарға салып тасыған

Перудегі Пайта портында полиция Гитлердің суреті мен фашистердің туы бейнеленген 58 қап кокаинды тапты.

Қылмыскерлер есірткілерді қасқыржем салынған контейнерге жасырған. Жүкті Бельгияға жеткізбек болған. Оқиғадан кейін полиция порттағы барлық контейнерлерді мұқият тексеруге кірісті. Кеденшілер фашистік Германияның белгілері бар есірткілерді алғаш рет тәркілеп отырғанын айтады.