Үндістандағы қақтығыс: 30 адам мерт болды
Үндістанда этникааралық қақтығыстар кезінде 30 адам қаза тапты.
Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Манипур штатында болған. Мьянмамен шекаралас өңірде соңғы апталарда тұрғындар арасындағы жанжал өршіді. Соның салдарынан 35 мың адам үйлерін тастап кетті. Аймақта топтар арасындағы зорлық-зомбылық мамырдың 3-і күні басталған. Негізгі мәселе тұрғындарға берілетін экономикалық жеңілдіктер мен квоталарға байланысты келіспеушіліктен туындады. Манипур штаты Мьянмамен шекаралас 400 шақырым аумақты алып жатыр. Көрші елде 2021 жылы төңкеріс болғанда мыңдаған босқын Үндістанға көшіп келген екен.