Қытай мен Үндістанның қарым-қатынасы ушықты
Қытай мен Үндістан арасы ушығып барады.
Соңғы аптада екі ел өзге тараптың журналистерін елден шығарып жіберді. Алдымен Нью-Дели Қытай орталық теларнасы мен Синьхуа агенттігінің тілшілеріне виза мерзімін ұзартқан жоқ. Жауап ретінде Бейжің елдегі жалғыз үнді тілшісінің аккредитациясының күшін жойды. Айта кету керек, 60 жылдардың басында қос ел Гималайдағы даулы жер үшін соғысқан болатын. Ал 2020 жылы шекарада қайта қақтығыс болып, 24 адам қаза тапқан.
Мао Нин, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Ұзаққа созылған Үндістан жағынан негізсіз қысымға ұшырағаннан кейін, қытайлық ақпарат құралдарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жауап шаралар қабылдаудан басқа амалымыз қалған жоқ. Алайда Қытай бұрынғыша Үндістанмен өзара сыйластық пен теңдік негізінде байланысты сақтап қалуға дайын екенін ерекше айтқым келеді.