Microsoft 20 млн доллар айыппұл төлеуге міндеттелді

Microsoft корпорациясы балалар деректерін заңсыз жинағаны үшін 20 миллион доллар айыппұл төлеуге тиіс.

Бұл шешімді АҚШ Федералды сауда комиссиясы қабылдады. Компания ата-ана рұқсатынсыз 2015-2020 жылдар аралығында балалардың деректерін топтастырған. Жеке мәліметтер онлайн ойынға тіркелу базасынан алынған. Бұл интернетте қосылу құпиялылығын қорғау туралы заңға қайшы әрекет. Ал корпорация жауап ретінде жүйедегі ақауды айыптады. Онлайн ойынға тіркелген баланың жеке дерегі 14 күннен кейін автоматты түрде жойылуы керек.