Нью-Йорк ауасы ең лас қалалардың тізімінде бірінші орынға шықты
Нью-Йоркте ауаның ластану деңгейі кейінгі 60 жылда болмаған ең нашар межеге жеткен.
Сөйтіп ол ауасы ең лас қалалардың тізімінде бірінші орынға шықты. Бұған Канададағы орман өрті әсер еткен. Елде жүздеген өрт ошағы тіркеліп, тілсіз жау ырыққа көнер емес. Соның салдарынан Нью-Йоркты түтін тұмшалап, көру мүмкіндігі нашарлады. Штат губернаторы шаһарға 400 мың бетперде жіберген. Билік тұрғындарға тысқа шығарда маска тағуын ескертіп отыр. Ауаның ластануына байланысты мемлекеттік мектептердің жұмысы шектелген. Сонымен қоса бұл жағдай әуе қатынасына да әсер еткен.
Джек Караванос, профессор:
- Тұрғындардың мүмкіндігінше тысқа шықпағаны жөн. Сонымен қоса, сыртта спортпен айналысуды да уақытша қоя тұрған абзал. Адамның тыныс алуын қиындататын кез келген іс-әрекеттен әзірге бас тартқаныңыз дұрыс болады.