Ресейде орман өртін сөндіруге жел кедергі болып тұр
Ресейдің Алтай өлкесінде өрттің аумағы бес мың гектардан асты.
Өртті сөндіруге амфибиялық ұшақ тартылып орман шаруашылығы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылған. Өртті ауыздықтауға ыстық ауа райы мен күшті жел кедергі келтіруде. Жергілікті билік ауруханаларда емделіп жатқан науқастарды қауіпсіз жерге орналастырып жатыр. Өрттің тұтануына найзағай себеп болған.