Белградта «Сербия зорлық-зомбылыққа қарсы» шеруі өтті
«Сербия зорлық-зомбылыққа қарсы». Дәл осы ұранмен елде 8-ші рет бейбіт шеру өтті.
Бұл жолы наразылық акциясына 20 қаланың мыңдаған тұрғыны қатысты. Ел астанасы Белградта демонстранттар негізгі жолдарды жауып, өз талаптарын айтты. Олар 3 және 4 мамырда елде болған атыс үшін жауаптылар жазасын алған жоқ, деп ашынады. Еске салайық, өткен айдың басында мұнда екі рет атыс болған. Алдымен, жасөспірім,, бастауыш мектепте 10 адамды өлтірді. Бір тәуліктен соң, 21 жастағы ер адам Белград маңындағы қалада 8 адамға оқ атты. Ал наразылық білдірушілер Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті. Олар министрді қылмыскерлерді жауапқа тарта алмады, деп айыптады. Сондай-ақ, демонстраттар елдегі бірнеше телеарнаны хабар тарату лицензиясынан айыруды көздейді. Зорлық-зомбылықты насихаттайтын таблоидтарға тыйым салуды да талап етіп отыр.
БЛИЦ:
- Биліктегілер орнын босатсын! Бұл талап орындалмайынша, біз наразылықтан бас тартпаймыз!
- Мен лауазымды тұлғалардың ел алдына шығып жауап беруін талап етемін. Биліктегілер халықтың пікірімен санасуы тиіс!