Суданда Құрбан айттың құрметіне орай атыс тоқтады
Жедел әрекет ету күштерінің жетекшісі Мұхаммед Хамдан Дагало сейсенбі, сәрсенбі күндері оқ атылмайтынын айтты.
Генералдың аудио-хабарламасы жергілікті "Әл-Арабия" телеарнасында көрсетілді. Еске салайық, Судандағы әскери қақтығыстар сәуір айының ортасында басталды. Елдің Қарулы күштері мен Жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыстан 3 мыңнан астам адам опат болды. Салдарынан 2 миллион 200 мыңдай адам өзге елдерге көшіп кетті.