Түркияда туберкулездің таралуы төмендеген

Қазір елде 200-ден астам туберкулезбен күрес диспансерлері жұмыс істейді.

Арнайы мамандандырылған дәрігерлер, жарты жыл науқастарды қадағалап отырады. Егер науқас емін уақытылы алмаса ауруханаға жатқызылады. 2021 жылдың мәліметіне сәйкес, Түркияда 8 мың 591 адам туберкулезге шалдығып, 700-ден астамы көз жұмған. Қазір қауіпті індет көбіне елде өмір сүретін шетел азаматтарынан анықталып жатыр.