Германияда фестиваль кезінде 29 полицей жараланды

Берлиндегі “Эритрей фестивалі” кезінде бүлік шықты.

29 полицей жараланды. Шараға жиналғандар қақтығысып, бір-біріне тас пен бөтелке лақтырып, жолдарды жапқан. Жанжал фестивалге қатысушылар мен үкіметке қарсы топтар арасында болған. Құқық қорғаушылар адамдарды басу үшін су шашқан. Оқиға орнына 1000-ға тарта қосымша полицей тартылды. Бүлік кезінде 100 адам тұтқынға алынған.