Израильде демонстранттар тас жолдарды жапты
Израиль Парламенті Жоғарғы Соттың билігін шектеуге бағытталған заң жобасының алғашқы оқылымын өткізді.
Нәтижесінде, аталмыш сот реформасына қаңтардан бастап наразылық білдірген жұрт бұл жолы одан сайын ашуланды.
Демонстранттар Иерусалим, Хайфа және Тель-Авивке кіреберісте қалааралық тас жолдарды жауып тастады. Көпшілікті тарату үшін құқық қорғау органдары су атқыштарды қолданды. Қақтығыс барысында 66 тұрғын тұтқындалды. Билік Үкімет пен Жоғарғы сот арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Алайда, оған көпшіліктің сенімі жоқ.