Үндістанда үйлерді әлі су басып жатыр

Үндістан астанасы Нью-Делиге қарасты аймақта су тасқыны кезінде үйлерін тастап кеткен тұрғындар әлі уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр.

Себебі өткен аптада тасыған судың беті қайта қоймаған. Табиғат апатынан Ассам штатындағы ауыл шаруашылығына да зор шығын келді. Шаруалар егіс алқаптарының көбі су астында қалғанын айтады. Өткен аптада Үндістанның солтүстігінде толассыз жауын су тасқынына ұласып, 150-ге жуық адам қаза болды. Жүздеген үй қирап, ондаған мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 

Мохаммад Джангир, жергілікті тұрғын:

- Су тасқынынан көп жолды су шайып кетті. Азық-түлік пен таза суға зәруміз. Кей адамдар ашық аспан астында күнелтуге мәжбүр. Үйлеріміз бен бау-бақшамызды әлі су басып жатыр.