Италияда мигранттар мәселесі талқыланды
Римде Еуропа мен Африка елдерінің арасындағы заңсыз миграция мәселесі талқыланды.
Халықаралық конференцияда Италия премьер-министрі Джорджа Мелони төрт бағыт бойынша келіссөз жүргізуді ұсынды. Бұл қылмыстық топтармен күресу, мигранттардың көшін бақылау, босқындарды қолдау және олардың елдеріне көмектесу. Еуропаға күн сайын теңіз арқылы жүздеген мигрант келеді. Жыл басынан Италияның өзіне 83 мыңнан астам адам заңсыз көшкен. Ал былтыр олардың саны 34 мыңдай ғана еді. Құқық қорғаушылар Рим саммиті Африка азаматтарын Еуропаға кіргізбеу саясатының бастамасы болу мүмкін деп отыр.