Порт-Судан қаласында су тапшы болып тұр
Аптаптан қиналған Порт-Судан қаласының тұрғындары су тапшылығына душар болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарты жылдай құбырларында су жоқ, оны автокөлікпен жеткізіп, сатып жүр. Жарықты да жиі сөндіреді. Елдің шығысында орналасқан бұл қалада мыңдаған босқын тұрып жатыр. Олар Хартум шаһарында болып жатқан соғыстан қашқан. Бұл онсыз да инфрақұрылымы әбден тозған Порт-Судандағы ахуалды ушықтырып жіберді. Жазда бұл аймақта күн қызып, сынап бағаны 52 градусқа дейін көтеріледі.