Пәкістанның Баджаур қаласында жарылыстан 54 адам қаза тапты
Ал Пәкістанның Баджаур қаласында болған жарылыстан 54 адам қаза тапты.
Тағы 130-дан астам тұрғын жарақат алған. Оқиға,,Ислам діни қызметкерлері,, деп аталатын партия жиналысы кезінде болды. Жиынға 400-дей адам қатысқан. Басқосуда басшылардың бірі сөз алған кезде жанкешті,,, өзін жарып жіберген. Жаралыларды провинция орталығы - Пешевар қаласындағы ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар да тартылды. Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф лаңкестік шабуылға жауапты содырларды тауып, жазаға тартуды бұйырды.