Нью-Йоркте мигранттарға орын жоқ
«Нью-Йоркте мигранттарға орын жоқ». Қала мэрі Эрик Адамс осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлемнің ең қымбат шаһарына күніне орта есеппен 500 адам қоныстанады. Көктемнен бері 90 мың босқын пана сұраған. Алайда олардың бәрін орналастыру мүмкін емес, - дейді қала басшылығы. Дағдарыстың өршіп тұрғаны соншалық, көшіп келушілер тіркеу орталығын қоршап, ғимараттың сыртын паналайтын болған. Қаладағы көші-қон дағдарысы тұрғын үй бағасы мен үйсіздер мәселесіне де кері әсер етіп отыр.