АҚШ президентіне импичмент жариялануы мүмкін

Өйткені Конгресстегі республикашылдар Ақ үй басшысы Джо Байденге қарсы ресми тергеуді бастағалы отыр.

Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти тиісті комитетке тапсырма берді. АҚШ-тың президентіне қызмет бабын асыра пайдаланды, сыбайлас жемқорлыққа барды әрі сот төрелігіне кедергі келтірді деген айыптар тақпақшы. Өкілдер палатасының мүшелері мұндай заңды белден басу президентке деген сенімсіздікке әкелгенін алдыға тартады.

Нұрбек Бекен, тілші:

- АҚШ Конгрессіндегі Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти ел президентіне қатысты ресми импичмент жаралау үшін арнайы тергеу бастауға рұқсат берді. Яғни, төменгі палатаны бақылап отырған республикашылдар Байденнің айналасындағы кез келген адамды, Ақ үй өкілдері мен үкімет мүшелерін шақырып, күмән тудыратын сұрақтардың жауабын алуға және қажетті құжаттар мен дерек-әделдерді сұратуға заңды өкілеттік береді. Маккарти президент өз отбасының мүддесі үшін лауазымын асыра пайдаланғанын дәлелдейтін айғақтар барын айтып отыр. Ол президенттің ұлы шет елмермен  бизнес-келісімде бармақ басты, сөз қысты әрекеттерге барғанын дәлелдемек.

Кевин Маккарти, өкілдер палатасының спикері:

- Куәгерлер президенттің отбасына қатысты бизнеске байланысты бірнеше телефон қоңыраулар мен біраз әрекеттер болғанын растады. Онымен жүздескен кешкі астардан соң ұлдары мен оның іскер серіктестеріне автокөліктер мен миллиондаған доллар түскенін көрген. 20 млн. долларға жуық ақша Байденнің отбасы мүшелері мен серіктестеріне түрлі шетелдік компаниялардан түскенін дәлелдейтін айғақар, банк жазбалары бар. АҚШ банктері Байден отбасының және басқа да бизнес-серіктестеріне қатысты 150-ден астам транзакцияны күдікті аударымдар ретінде көрсеткен.

Конгресстің Өкілдер палатасында басымдыққа ие болған республикашылар жыл басынан бері ел президентін тергеуді бастап кеткен. Олар қазіргі АҚШ президентінің Барак Обама кезіндегі вице-президенттігінен бері артын қазып жатыр. Алайда, Джо Байденнің баласының бизнесі арқылы пайда тапқанын көрсететін нақты дәлелдер табылмаған. Бұл туралы Ақ үйдің реси өкілі Жан-Пьер Карин мәлімдеді. Ол президентке импичмент жариялауға ұмтылудың саяси астары бар деп салды.

Карин Жан-Пьер, Ақ Үйдің баспасөз хатшысы:

- Бір жылдай тергеу жүргізген республикашыл депутаттардың өздері ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдеді. Сондықтан спикер Маккартидің бұл әрекеті саяси ұпай жинау ғана. Республикашылдарды  негізсіз, дәлелсіз айыптауларға түспей, америкалықтар үшін маңызды нақты мәселелерді іс жүзінде шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

Нұрбек Бекен, тілші:

- Естеріңізде болса, 2019  және 2021 жылдары демократтар дәл осы Өкілдер паласын бақылауына алып, сол кездегі президент Доналд Трампқа екі рет импичмент жариялаған. Сондықтан қазіргі республикашылдардың әрекеті тек кек қайтару дейді кейбір сарапшылар. Президентке импичмент жариялау мәселесі Өкілдер палатасының күн тәрбітіне шығып дауысқа салынғанша тағы бірнеше ай керек.