Әлем бойынша мұнайға сұраныс еселеп артады

Алдағы жылдары әлем бойынша мұнайға сұраныс еселеп артады.

Халықаралық энергетикалық агенттік осындай болжам жасады. Жаһандық қауымдастық алдында 2030 жылға қарай қазба энергия көздерінің үлесін 80-нен 73 пайызға қысқарту міндеті қойылған. Бірақ ғаламдық жылыну қарқынын 2 градус деңгейінде ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар баяу жүргізіліп жатыр. Соңғы 2 жылда таза энергия көздеріне салынған инвестиция 40 пайызға ғана өскен. Энергетика жөніндегі халықаралық агенттік сарапшыларының болжамынша, келер жылы дүниежүзіндегі көмірқышқыл газын бөлу рекордтық деңгейге жетуі мүмкін.

Фатих Бирол, халықаралық Энергетикалық агенттіктің директоры:

- Соңғы онжылдықта мұнайды тұтыну бойынша Қытай әлемде алдыңғы орында болып келді. Бірақ экономикадағы өзгерістерге сәйкес, сұраныс сәл төмендегенін байқаймыз. Өйткені азиялық ел электрлі көлік өндірісін дамытып, өзге мемлекеттерге экспорттап отыр. Сәйкесінше, қара алтынды тұтыну азайды.