Жасанды интеллект дәрігерлерді алмастыра ала ма?

Жасанды интеллект медицинада қолданыла бастады.

Әсіресе ауруды дер кезінде анықтауда дәрігерлердің таптырмас көмекшісіне айналып барады. Осы тұста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа технологиялардың жұмысын қадағалап-реттейтін ереже жасау маңызды дейді.

Бұл Лондон ауруханасындағы операция барысы. Мұнда хаттамаға сай дәрігерлердің барлық іс-әрекеті бейнетаспаға жазылады. Кейін жасанды интеллект осы жазбаларды қайталап жасауды үйренеді. Қазірге дейін робот 20 таспаны сараптап шыққан. Бұл дәрігерлерге мидың кей тұсында туындайтын мәселелерді анықтауға көмектесуі мүмкін.

Хани Маркус, нейрохирургия саласы бойынша кеңесші:

- Ер кісі. Біздің міндетіміз -  мидағы ісікті алып тастау операциясын жасанды интеллектіге үйрету. Осылайша хирургтардың жұмысын жеңілдетеміз. Ол үшін нейрожүйеге жүздеген бейнежазбаны көрсетеміз. Қазір робот тәжірибесі аз мамандарға кеңес бере алады.

София Бано, Лондон университеттік колледжінің профессоры: 

- Әйел. Дәрігерлер кейде өте маңызды дене мүшесіне жақын басқа мүшеге ота жасауы мүмкін. Мысалға көздің жүйке талшықтары. Осындай сәтте болмашы қателіктің өзі өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін. Бірақ мұның бәрін технологияның көмегімен қадағалап, реттеп отыруға болады.

Дегенмен сарапшылар жасанды интеллект дәрігерлерді алмастыра алмайды, оларды тек көмекші құрал ретінде пайдалануға болады - дейді. Қазіргі нейрожүйелер күнделікті қарапайым тапсырмаларды орындауға лайықталған. Ал күрделі іспен тек дәрігерлер ғана айналыса алады. Робот қателік жіберуі мүмкін.

Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы олардың жұмысын реттейтін қағидалардың тізімін ұсынды. Оған ашықтық, мәліметтерді қорғау, құжат жүргізу және тәуекелдерді басқару кіреді.

Цитата:

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Жасанды интеллект денсаулық сақтау саласы үшін жаңа мүмкіндіктер берумен бірге жаңа сын-қатер тудырды. Мысалға мәлімет жинауда этикалық ережені бұзу, киберқауіпсіздік және жалған ақпараттың таралуын айтуға болады. Біздің ұйымның жаңа нұсқаулығы мемлекеттерге осындай технологияларды тиімді реттеуге көмектесуге арналған.

2032-ші жылға қарай жасанды интеллект нарығы 30 есе ұлғайып, 1 жарым триллион долларға жетуі мүмкін. Сарапшылар келесі онжылдықта бұл технологиялар көптеген мамандыққа елеулі ықпал етеді деп болжайды. Сәйкесінше қызметкерлердің де міндеті өзгермек.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Сандуғаш Байғуаныш