Конгода қарулы қақтығыстан 7 млн адам босқынға айналды
Конго демократиялық республикасында қарулы қақтығыстан үйлерін тастап, ел ішінде босқан халықтың саны 7 миллионға жетті.
Бұл туралы Миграция жөніндегі халықаралық ұйым мәлімдеді. Адамдардың бас сауғалауы әсіресе қазанның басында күрт артқан. Оған Солтүстік Киву провинциясындағы үкімет әскері мен «23 наурыз қозғалысы» қарулы тобы арасындағы қақтығыс себеп.
БҰҰ Конгодағы ахуалды әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарыс деп отыр. Қазір ұйымның бұл елде 78 босқындар лагері бар. Оларды 280 мың адам паналап отыр.