Э. Блинкен 5 араб елінің өкілімен кездесті

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иордания астанасы Амманда 5 араб елінің, Сыртқы істер министрлерімен кездесті.

Ол Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Иордания және Сауд Арабиясының өкілдерімен Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жайын талқылаған. Тараптар аймақтағы бейбіт халыққа, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге жол ашу үшін Израиль мен ХАМАС-тан атысты тоқтатуды талап етті.