Samsung басшысы 5 жылға сотталуы мүмкін

Samsung компаниясының басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оңтүстік Корея прокуратурасы соттан осындай жаза сұрады. Ли Чжэ Енге еншілес компанияларының бірігуі кезінде акциялардың бағасын бұрмалады деген айып тағылған. Соның салдарынан өзге инвесторлар шығынға батқан. Бірақ Ли Чжэн Ен мұны мойындамады. Оның айтуынша, компаниялар бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін біріктірілген. Сот процесінің жалғасып жатқанына 3 жылдан асты. Іске қатысты үкім қаңтарда шығуға тиіс. 2021 жылы Samsung басшысы жемқорлық бойынша 2 жарым жылға сотталған еді. Алайда мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.