Газа секторында қарулы қақтығыс құрбандарының саны артты
Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторында шабуыл салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 21 мың 500 адамға жетті.
Ал жарақат алғандардың саны 56 мыңға жуықтаған. Бұл туралы әл Арабия телеарнасы хабарлады. БҰҰ мәліметінше, қазір Газа секторында 2 миллиондай адам азық-түлік пен судан тарығып отыр. Өйткені аймақтағы су қорының 96%-і тұтынуға жарамсыз. Бұдан бөлек, алғашқы қажеттілік заттары, оның ішінде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі тағы бар.