Жапонияда ұшақ апатынан 5 адам қаза тапты
Жапония астанасының әуежайында жолаушылар лайнері мен көлік ұшағының соқтығысуынан экипаждың 5 мүшесі қаза болғаны расталды.
Бәрі – жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері. Арасында бір адам ғана аман қалған. Ол – әуе кемесінің капитаны. Қазір ол ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.
Ал Japan Airlines кемесіндегі жолаушылар арасында қаза тапқандар жоқ. Жергілікті билік бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді. Айта кетейік, апатқа не себеп болғаны белгісіз.