Жапониядағы жер сілкінісі. 57 адам қаза болды

Жапониядағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 57 адамға жетті. Бұл биліктің тартқан ресми ақпараты.

Зілзаланың күші 7,6 балға дейін жеткен. Бірнеше қалада жарақат алған ондаған тұрғын ауруханаға түскен. Іздеу-құтқару жұмыстары дамылсыз жүріп жатыр. Үкімет құрбандар қатары әлі өсуі мүмкін екенін ескертеді.

Зілзала кезінде 200-ден астам ғимаратта өрт шықты. Ното түбегіне апаратын жолдар қирап, көліктер қатынай алмай қалды.

Осы сәтке дейін 50 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген. Қауіп әлі сейілген жоқ. Билік әлі де жер сілікінуі мүмкін екенін ескертеді.

Ёсимаса Хаяси, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Зілзала ошағына жақын Шика атом электр станциясынан бастап басқа да нысандарда ешқандай ақау тіркелген жоқ. Жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барша адамды барынша сақ болуға шақырамын. Радио және онлайн хабарларға құлақы түріп отырыңыздар. Билік эвакуация туралы шешім қабылдауы да мүмкін.