«Тесла» Қытайдан 1,6 млн көлікті кері қайтаратын болды
«Тесла» компаниясы бағдарламалық жасақтамадағы ақауға байланысты Қытайдағы 1,6 млн көлікті кері қайтаратын болды.
Мәселе бірлестіктің 2014-2023 жылдар аралығында шығарылған кейбір электрмобиль түріне қатысты болып отыр. Компания таратқан ақпаратқа қарағанда жүргіншілер жолағын және өзге көліктерді бағамдап, жүргізушіге көмек көрсететін құрылғы істен шыққан көрінеді. Бұл жол көлік апатына әкеп соғуы мүмкін. Енді компания басшылығы темір тұлпарлардағы компьютерлік жүйені қашықтан жаңартып мәселені шешіп бермек.