Жапонияда зілзаладан 160-тан астам адам көз жұмды

Жапониядағы зілзала салдарынан көз жұмғандар саны 160-тан асты.

Оның 103-і із-түссіз жоғалған. Спутник арқылы түсірілген суреттерден Исикава аумағындағы табиғи апаттың жойылу ауқымын көруге болады.

Жер сілкінісі салдарынан Исикавада 66 мың үй жарықсыз, 23,9 мыңнан астам үй сусыз қалды.

8 күн өтсе де, табиғи апаттың салдарымен күрес әлі жалғасып жатыр. Өңірде 357 эвакуациялық пункт ашылып, 30 мыңнан астам жан қауіпсіз жерге көшірілді.