Ұлыбританияда онлайн бизнесті қадағалау күшейтілді

Ұлыбритания билігі салықтан жалтарушыларды қадағалаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Биылдан бастап онлайн сауда алаңдары салық органдарына кәсіпкерлер мен пәтерін жалға беретіндер туралы мәлімет беріп отыруы тиіс. Саудагерлердің жылдық табысы теңгеге шаққанда 600 мыңнан асса салық төлеуі тиіс. Болмаса айыппұл салынады. 

Ника Юсай бірнеше жылдан бері онлайн коммерциямен айналысады. Көбіне қайырымдылық дүкендерінен ескі сөмкелерді алып, үстіне ақша қосып қайта сатып, кәсіп етеді. Дорбалар бұрын ұсталғанына қарамастан дизайнерлік өнім болғандықтан зор сұранысқа ие. Ника тауарларын әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап осы уақытқа дейін жақсы табыс та тауып келген. 

Ника Юсай, саудагер:

- Өткен түнде 55 мың фунтқа сауда жасадым. Әлі де өз-өзіме сенер алар емеспін. Енді кәсібімді заңдастыру қажет. Себебі бұдан былай жылына 1000 фунттан артық табыс табатын болсам салық төлеу міндетті. Әйтпесе, айыппұл салынады.   

Жаңа немесе ескі заттарды, қолдан жасалған бұйымдарды саудалайтындар, такси немесе жеткізіп беру қызметін көрсететіндер, фрилансерлер, репетиторлар, пәтерін жалға беретіндер - бәрі-бәрі салық органдарының назарында болады. Олар туралы онлайн платформалар ақпарат беріп отыруға міндетті. 

Никос Марко, салық сарапшысы:

- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елддерінде тіркелген веб-сайттар онлайн саудамен айналысатын британиялықтар туралы мәліметпен бөлісетін болады. Заңды өрескел бұзғандар жіті тексеріліп, тіпті қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. 

Салық органдары бұған дейін де онлайн саудамен айналыстын азаматтар жайлы жылына бір рет мәлімет талап ете алатын. Ал жаңа жылдан бастап мұндай ақпаратты жинау автоматты түрде жүзеге асырылатын болды. Деректер әлемнің барлық елінен жиналады. Үкіметтің мұндай шараны қолға алуына әлемдегі экономикалық ахуал ықпал еткен. Себебі, соңғы уақытта үйден жұмыс істеп, мол табыс тапса да салықтан жалтаратындар көбейген.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы