Түркия тарихта алғаш рет ғарышкер ұшырады

Түркия тарихта алғаш рет ғарышкер ұшырады

Түркияның тұңғыш ғарышкері кеңістікке сапар шегеді.

Жүздеген мың үміткер арасынан оқ бойы озып шыққан Альпер Гезеравжының ғарышқа саяхаты 18 қаңтарға белгіленген. Төрт адамнан тұратын экипаж Флоридадағы НАСА орталығынан SpaceX компаниясының зымыранымен ұшады. Оны американдық ғарышкер Майкл Лопес-Алегрия басқарады. Сондай-ақ Италия мен Швеция өкілдері де сапарға бірге аттанады. Іс-шара Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылып отыр.