БҰҰ: Газа секторын аштық жайлады
Газа секторының бірнеше өңірін аштық жайлады. БҰҰ өкілдері осылай деп мәлімдеді.
Олардың дерегінше, ауа райы күрт суытқаннан кейін аймақта жағдай ушыға түскен. Анклавтағы жазықсыз жұрттың нәр татпай, үйсіз-күйсіз босып жүргеніне 3 айдан асты. Қазір 300 мың адам қираған ғимараттарды паналауда. Халықаралық ұйым өкілдері қайырымдылық көмек өткізетін жолдарды ашу туралы үндеу жасады. Айта кетейік, осы айда жүк көліктерінің төрттен бір бөлігі ғана межелі жеріне жеткен.