Сеулдегі Хэллоуин оқиғасына қатысты үкім шығарылды
Оңтүстік Кореядағы 2022 жылғы Хэллоуин кезіндегі қайғылы оқиға үшін Сеул полициясының басшысы айыпты деп танылды.
Бұл туралы CNN хабарлады. Сот істі қарай келе мереке кезінде Итэвон ауданында жұрттың бір бірін итеріп, адамдардың тапталып қалуы оның қызметіне салғырт қарағанынан болды деген шешім шығарды. Себебі, бұл жерге халық шамадан тыс көп жиналса да полиция бұған көңіл бөлмеген. Салдарынан 159 адамның өліміне әкелген.
Айта кетейік, 2022-ші жылы 29 қазандағы оқиға кезінде қазақстандық студент Мадина Шерниязова көз жұмған болатын. Бұған дейін іске қатысты дәлелдерді жасыруға тырысқаны үшін екі полиция қызметкері сотталған.