Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Қытайдағы зілзаладан опат болғандардың саны 3 адамға жетті.

5 кісі жарақат алған. 12 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Еске салайын, өткен түнде Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданындағы Уши уезінде 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.