Антарктидада ең ірі пингвиндер жойылып кетуі мүмкін

Антарктидада император деп аталатын ең ірі пингвиндер жойылып кетуі мүмкін.

Британдық ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Бұған климаттың өзгеруі себеп дейді. Олар Халли шығанағындағы пингвиндерді, жер-серігі арқылы бақылаған. Әдетте минус 50 градус болатын Антарктидада былтыр сынап бағанасы минус 10 градусқа дейін төмендеп кеткен. Бұл пингвиндерге аса қауіпті. Өйткені олардың тіршілік етуі үшін қажетті мұз қатып үлгермейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, бұл пингвиндердің 90 пайызы жер бетінен жойылып кетуі мүмкін дейді ғалымдар. Ал мұндай қауіптің алдын алу үшін атмосфераға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін азайту қажет екенін айтады.